Қарағандыда полиция қайын атасын пышақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Қаладағы Орталық полиция бөліміне көшеде 2 адамның арасында жанжал шыққаны, біреуі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Полицейлер 59 жастағы ер адам мен оның 52 жастағы күйеу баласы бірін-бірі түсінбей қалғанын анықтаған. Қайын атасы күйеу баласына босқа жүре бермей, жұмыс істеуге кеңес берген. Бұған 52 жастағы ер адам ашуланып, қайын атасын пышақтап тастаған. Содан кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 24-99 бабымен («Адам өлтіруге оқталу») қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. 52 жастағы ер адам қамауға алынды. Полиция тергеуді бастады, - деп жазылған хабарламада.