Қарағандыда мектеп-интернат директоры оқушы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді

Қарағанды тұрғыны мектеп-интернаттардың бірінің директоры оның қызын зорлады деп айыптап отыр. Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Aстана телеарнасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ата-анасының айтуынша, қызы биыл 9-сыныпты бітіреді. Пән мұғалімі болған директор емтиханға дайындалу үшін оған қосымша сабақ өткізген. Кезекті осындай қосымша сабақ кезінде мұғалім оқушы қыздың қолынан ұстап, кәмелетке толмаған қызды жыныстық қатынасқа итермелеген. «6 маусымда қызым маған телефон соғып, мектеп директоры тиіскенін айтты. Мен бірден мектепке бардым, сол жерде директормен кездестім. Қызым маған директор кеудесінен ұстағанын, мойнын сүймек болғанын, оны қалай алып кеткенін егжей-тегжейлі айтып берді. Мұның бәрі оның кабинетінде болған. Сол уақытта ол есікті іштен құлыптап, қызды жібермей қойған. Хатшы бұл кезде мектепте жоқ еді. Қызым оның қолынан әрең құтылып кеткен. Сол кезде ол қыздан бәрін ұмытуын сұрап және ешкімге айтпауын өтінген. Осының бәрін қызым оның көзінше айтқанда ол үндемей қалды. Тіпті өзін ақтауға немесе қарсылық білдіруге тырыспады. Мен полиция шақырдым», - деді мектеп оқушысының анасы. Қыздың анасының сөзінше, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабының 2-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу» бойынша арыз тіркеген. Ол адвокат жалдап, директорды қызметінен кетіргісі келеді. «Бізге оны да, бізді де полиграфологиялық тексеріс болуы мүмкін екенін айтты. Біз өтірік детекторынан өтуге дайынбыз. Мен қызыма сенемін. Оны ең болмағанда директорлық қызметтен шеттетуді қалаймыз. Қазір бізге қысым көрсетіліп жатыр. Бізге аттестат беруден бас тарты. Барлық ата-ана ашуланып, кейбіреулері мені бұғаттап тастаған. Мен баламды қорғап жүрмін. Менің қызыма тиіскендей басқаларға да зияны тимегенін қалаймын. Оның жұмыс істеген осы уақытқа дейінгі жылдарында бұл жағдайға ұшыраған біз алғашқы емеспіз деп ойлаймын. Оның құрбаны болған басқа қыздар бар екені сөзсіз. Бәлкім, олар бір кездері айтуға қорқып, ұялған шығар. Егер олар бар болса, мен оларды тапқым келеді. Өйткені, бұл үлкен адам, ол қазірдің өзінде алпыста, бірақ өзін осылай ұстайды. Мұндай адамдарға баланы сеніп тапсыруға болмайды», - деді қарағандылық әйел. Мектеп директоры телефон арқылы сөйлескен кезде түсініктеме беруден бас тартты. Тергеу шындықты көрсетеді деді. Облыстық полиция департаменті қарағандылық қыздың арызы бойынша тергеу жүріп жатқанын растады. «Іс полицияға тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтерді таратуға болмайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенат шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады
Жалған 10 мың теңгелік банкнотаны қалай анықтауға болады - банк кеңесі
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайтын болады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Футбол: "Астана" "Челси"-ге есе жіберді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай