Қарағандыда ойын алаңдары жаппай тексеріліп жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Дауыл кезінде футбол алаңының жасанды көгалы көтеріліп кетіп, балалар зардап шеккен болатын. Қазір олардың денсаулығы оңалып келеді.Маңдай және жақ сүйектері мен қолы сынған 8 жасар балаға операция жасалды. Бірақ әлі де жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Екінші баланың да жағдайы жақсы, - деді дәрігерлер.Оқыс оқиғаға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.Мердігер жасанды көгалға спорт құрылғыларын орнататын болған соң жиегін жұқа ағашпен бекіте салған.Қазір қылымыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Арнайы қоршаулар қойылмаған. Ешқандай белгілер қойылмаған. Мынау болған жағдайдың себебін барлығын анықтағаннан кейін барып жұмысты жалғастырамыз. Аяқтауға тырысамыз. Бірнеше жерде балалар алаңы жасалып жатыр. Барлық жерде біз тексеру мәселесін көтеріп, қайта тексерудеміз,-дейді аудан әкімі Досбол Күлекеев.