Қарағандыда шахтер қыздар көбейген

Қарағандыда шахтер қыздардың қатары артып келеді. Кеншілер шаһарының арулары жер астына түсіп көмір қазудан қорықпайды. Нәзік жандар 700-800 метр тереңдікте кен орындарында ер азаматтармен иық тіресе еңбек етеді. Біздің түсіру тобымыз батыл қыздардың бірі қарағандылық Заринамен бірге шахтаға түсіп, оның жұмысымен танысып қайтты. Кенші қыздың келбеті келесі бейнематериалда.Зарина Ахметжанқызы кезекті жұмыс тобымен шахтаның астына түсуге дайын тұр. Арнайы киімін киіп, құтқарушы қондырғысын да мойнына асып алды. Мұнда еркек, әйел деген ұғым жоқ, барлығы қауіпсіздік шарасын сақтауға міндетті. Біздің түсіру тобымыз да сақадай сай болды. Көп күттірмей бізді жер астына түсіретін шахта клейті де келді. Кеншілер күн сайын төменге осы лифт секілді затпен түседі. Зарина ӘЛПИЕВА, КОСТЕНКО ШАХТАСЫНЫҢ ЖЕР АСТЫ ШЕБЕРІ: Бірінші рет түскенде кішкене қорқынышты болған. Сосын мен өзім үйрендім. Енді қорықпаймын, қорқынышты мен жеңдім. Осылайша әп-сәтте кен орнына түстік. Зарина бізге жол бастап барады. Шахтаның іші қап-қараңғы тунель, каскадағы жарық шам болмаса түк көрінбейді. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Қараңыздаршы өздеріңіз шахтерлардың жұмысы қаншалықты қауіпті, қаншалықты жауапты екенін. Олар тіпті жұмыс орнына бару үшін кейде 1 км жерге дейін жүріп өтеді екен. Бүгін, міне, біз 1 км жерді жүріп өттік. Алайда Зарина ештеңеден қорықпайды. 11 жылдан бері шахтада жұмыс істеп келеді. Бұрыңғы экономист банктегі жұмысын көмір өндірісіне айырбастаған. Қарағандыдағы тау-кен колледжінде қайта оқып кенші мамандығын алып шығыпты. Оған шахтерлар әулетінде өсіп, қара алтын қазбасына қатты қызығуым себеп болды дейді кенші қыз. Заринаның ойынша қазіргі жұмысы өте қызықты. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Дәл қазір біз Костенко шахтасында 690 метр тереңдікте ұңғыманың дәл түбінде тұрмыз. Бұл жерде көмір қазылады. Зарина күнделікті осы шахтаның астына түсіп көмірден сынама алады. - Зарина сіз өз жұмысыңыз жайында бізге айтып берсеңіз? Бұл жерде не істейсіз? Зарина ӘЛПИЕВА, КОСТЕНКО ШАХТАСЫНЫҢ ЖЕР АСТЫ ШЕБЕРІ: Біз шахтаға түскенде біз тексереміз қандай көмір, біз пробаны аламыз. Бізде айында всегда пластовый аламыз, учасковый, экплуатационные пробы. Сосын сол пробаларды зертханаға апарамыз. Зертханада біз білеміз қандай күл, білеміз қандай көмір, жақсы ма, жаман емес па, сосын жұмыс істейміз сол көмірмен. Заринаның сынамалары зертханада тексерілген соң көмірдің сапасына қарай жаңа қазба жұмыстары басталады. Сондықтан оның жұмысы өте маңызды. Әріптестері батыл қыздың еңбегін жоғары бағалайды. Равиль НАЗИУЛИН, КОСТЕНКО ШАХТАСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ИНЖЕНЕРІ: Зарина өте батыл қыз. Кез келген еркектің өзі шахтаға түсе бермейді. Өйткені бұл жеде жұмыстың қаншалықты ауыр және қауіпті екенін біледі. Ал біздің қызымыз болса қорықпастан осы кенші мамандығын таңдап алды. Өз ісіне өте жауапты жұмысты 100 пайыз сапалы орындайды. Ер азаматтардың айтуынша, Қарағандыда шахтер қыздардың қатары артып келеді. Бұрын бұл таңсық жағдай болса қазір кеншілер шаһарының арулары ерлермен иық тіресе еңбек етуден қорықпайды. Тіпті өндірістік қауіпсіздікті аса жауапкершілікпен сақтайтын да осы нәзік жандар екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді