21 қыркүйекте Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде студенттер арасында жанжал болды. Кенеттен туындаған жанжал салдарынан 19 жастағы жігіт пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. ПД мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді. "Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінен.