Қарағандылық төтенше жағдай мамандары жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты. Облыстық ТЖД құтқарушылары оқиға орнында үйіндіні бөлшектеп жатыр.«Жарылған үйдің үйіндісінің арасынан 5 литрлік екі газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған. Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді. Жұмыс жалғасып жатыр» деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.