Қарағандыдағы балалардың жаппай улануы: зардап шеккендер саны артты

Қарағандыда балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 жасөспірім уланып, бір бала қайтыс болған еді. Ал бүгінде зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, ауруханаға тағы екі бала келіп түскен. Қазір ауруханада тіркелген зардап шеккендер саны 14-ке жетіп отыр. Алты бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің жағдайы өте ауыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық.Сондай-ақ арнаның хабарлауынша, зардап шеккендерде интоксикация мен тыныс алу жетіспеушілігі анықталған. Балалар жаппай уланған орталықта қазір 160 мүгедектігі бар бала жатқаны атап өтілді. Көбінесе бұл жетімдер немесе ата-анасы бас тартқан балалар.Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен еліміздің жетекші клиникаларынан жіберілген мамандар балаларды өз бақылауына алды.Аталған оқиғадан кейін "Санитариялық ережелерді бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептерін арнайы прокурорлар анықтап жатыр."Алдын ала болжам бойынша алғашқы тексеру кезінде ішек инфекциясы байқалған жоқ, теріс нәтиже берген. Қазір дәрігерлер неліктен балалардың осындай ауыр халге ұшырағанын анықтауда", – деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
Астанада бір мезетте 12 000 көрермен Әнұранды орындады
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Солтүстік Қазақстан тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен