Қарағанды облысында уланған балалардың екеуінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты. Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ауруханаға түскен 14 баланың 7-сі сауығып, ауруханадан шықты. Олар дәрігелердің бақылауында. "6 бала жансақтау бөлімінде жатыр, Төрт баланың жағдайы оң динамикамен әлі ауыр, екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің санмтарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Алдын ала нәтижелер аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқ екенін көрсетті. Дәрігерлер жағдайдың себебі - токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды", - дейді министр. Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында бірнеше бала уланып, бір бала көз жұмғанын хабарлаған едік. Кейін осы оқиғаға қатысты тергеу басталғаны белгілі болды.