Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар-Жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан пәтердегі жарылысқа байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды. Он екі пәтерлі тұрғын үйде 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.М.Әуезов №8а мекенжайындағы екі қабатты екі кіреберісті 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерінде жарылыс болды. Кейін пәтер шатыры, қабырғалары мен төбелері, соның ішінде бірінші қабатта орналасқан №7 пәтер толық құлаған. Ал бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар-Жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді делінген ТЖД мәліметінде. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.