Қарағандыдағы улану оқиғасы: бүгін үш бала ауруханадан шығарылады

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен ауруханаға түскен балалардың тағы үшеуі бүгін шығарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір жансақтау бөлімінде 6 бала жатыр. Олардың жағдайы – тұрақты ауыр. Нейробоксирленген бөлімшедегеі 3 баланың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. «Барлығы – 9 науқас, олардың екеуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық аурулар орталығында. Үш баланы шығару жоспарланып отыр», - деп мәлім етті басқармадан. Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды. Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды. Осы орайда, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей Жедел басқару орталығы мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, ішек инфекциясына жүргізілген сынақ теріс нәтиже берді. Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
БҚО-да 93 жастағы кейуананың есеп шығарғаны көпшілікті таң қалдырды (ВИДЕО)
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
Әнипа Назарбаеваны сотқа берді
Доллар қымбаттады
Алматыда «НаркоСтоп» жобасының 2024 жылғы нәтижелері туралы айтылды
Қазақстандықтар салық органдарынан хабарламалар ала бастады
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Түнде тыныштықты бұзғандар қанша айыппұл төлейді?
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады
Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
“Қазақмыс“ Сәтбаевта қара қар мәселесін шеше алмай отыр
Арал теңізінде судың көлемі 42 пайызға артты