Қарағандылық дәрігерлер жақ сүйегін ісік шалған бойжеткенге бірегей операция жасап аман алып қалды

Қарағандылық дәрігерлер жақ сүйегіне ісік пайда болған бойжеткенге бірегей операция жасап, оны аман алып қалды. Отаның күрделілігі соншалық, іскен жақтың төменгі бөлігінің тең жартысын алып тастауға тура келген. Ал оны қалыпқа келтіру үшін аяқ сүйегі мен тамырлары пайдаланылған. 25 жастағы Камила Қожантаева бес күн бұрын жасалған операциядан кейін басын көтеріп, аяғынан тұрды. Жағдайы жақсы. Бойжеткен ауыр дертті 7 ай бұрын стоматологқа барғанда бір-ақ білген. Алғашында иегі қатты ауырып, кейін үлкен ісікке айналған. Камила ҚОЖАНТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Алғашында тісім ауырып жүр деп ойлағам.Сосын стоматологқа барып рентген жасаған кезде ісік бары анықталды. Мұнан соң мамандарға қаралып, операцияға дайындалдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Су іше бастадым.Енді біртіндеп қалыпқа келіп жатырмын. Негізі осыған дейін ісіктер алынған соң жақ сүйекке титан құрылғы немесе қабырға сүйегі салынатын. Тамырсыз болғандықтан жазылу ұзақ немесе бірнеше рет ота жасауға тура келетін,- дейді хирургтар. Енді ресейлік мамандардың тәжірибесін қолдана отырып бір жолда операцияға жақ сүйек, тіс, микрохирург секілді бірнеше маман қатысып тамырға дейін жалғап шығады. Нұрқаси АБАТОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ХИРУРГІ: “Бұрын науқасқа ота жасалған кезде 3 рет, 4 рет жасалатын еді. Сүйекті алып тастағаннан кейін эстетика жағы көріністі болатын. Сондықтан да мынау аяқтан сүйек алып, оның тамырын сақтап артериядан микрососудадан жалғастыра жасап, алынған сүйектен кәдімгі төменгі жақ сүйегін қалыптастырып оны құрап қайтадан орнына салды. Мұның бір жақсылығы бірақ операциямен бүкіл операция бітті”.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады