Қарағандылық Мақсат Аханов «Алтын домбыра» иегері атанды

Елордада еңбек адамына арналған айтыс өтті. Оны «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. «Алтын домбыра» жыр аламанында бас-аяғы 16 ақын өнер көрсетті. Жиында алдымен сөз алған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өткізіліп отырған шара адал да табанды еңбегімен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп келе жатқан азаматтарымызға арналады деді. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекетті мемлекет қылатын, елді ел қылған бай бағыландар емес ол әрине еңбек адамдары. Мемлекет басшысының еңбек адамын құрметтеу керек деген сөздерін сіздер үнемі естіп жүрсіздер. Осы таяуда ғана өткен республика күнінде 700-ден аса еңбек адамы сол үлкен жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Осы залда отырған сіздер де еңбек адамдарсыздар, сіздерде адал азаматсыздар. Бүгін осы тақырыпта біз кесек ойларды естейміз деп біз ойламын. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қарағандылық Мақсат Аханов иеленді. Оған «Алтын домбыра» және автокөлік табысталды. Ал жүлделі 1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті. Бұл ретте, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова қазылар құрамы әдептен озбай, ардан аттамай әділ шешім қабылдағанын айтты. Әсия БЕРКЕНОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҚЫНЫ: Қазақта сөз бар үндемесем өзіме-өзім төре, сөйлеп кетсем өзіме сөзім төре дейді. Сол сөзге бағаны жалғыз біз ғана емес, осы ел болып бүгін беріп, сіздердің көңілдеріңізден шығатындай бағалағанымызға мен өзімнің ұятымды, осы отырған қаылар алқасының бәрінің ары таза деп ойлаймын. Күміс көмейімен жақұттай жылт еткен ақындардың сөзін қолдапр бүгінгі күндеріңізді арнағандарыңыз атау өнерге, ұлық өнерге сіздердің құрметтеріңіз деп білемін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны қиындықсыз жеңді
Темір жол өткелі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды