Қарағандылық полицейлер толғағы келген әйелді қызметтік көлікте босандырып алды

23 ақпан күні Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша Жаңа- Майқұдық аумағында қызметке түсті. Сағат түнгі 24.00 шамасында полиция қызметкерлеріне жедел басқару орталығынан сол аумақта орналасқан шағын аудандағы көп қабатты үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Мекен-жайға келген полиция қызметкерлері әйел адамды көрген. Азаматша жолдасымен ұрысып қалғаны, кейін татуыласып, бір-біріне ешқандай өкпе-назы жоқ екенін айтқан. Біз әріптесіміз екеуіміз сол мекен-жайда тұрғанымызда бізге бір азамат келді. Ол әйелінің толғағы қысып жатқанын және оларды тез арада перзентханаға апаруын өтінді. Азаматшаның толғақ алды су кетіп жатқанын, міне-міне босанатынын білдік. Жедел жәрдем шақырғанымызбен оның қай уақытта келетіні белгісіз болды. Сондықтанда біз азаматшаны қызметтік көліктің алдына, ал жолдасын артына отырғызып бірден перзентханаға бағыт алдық. Бірнеше жүз метр жүре бергенімізде азаматша көлікті тоқтатуын және толғақтың басталып кеткенін айтты,-дейді Медет Төлегенов.Полиция қызметкерлері абдырап қалмай, бірден толғағы қысқан азаматшаға медициналық көмек көрсетті. Арада бірнеше минут уақыт өткенде азаматша аман-есен қызметтік көлікте өмірге сәби қызды әкелді. Полиция қызметкерлері анамен баланы перзентханаға апарып, дәрігерлердің қарауына тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды
2025 жыл жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы - ДСМ
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Тұман, жел: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Жаңа жыл қарсаңында тірі шыршаларды қорғау қолға алынбақ