Қарақат Әбден әйелдердің лауазымды қызметке сирек тағайындалуын сынға алды

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден елдегі гендерлік теңдік мәселесін көтерді.«Гендерлік саясатты іске асыру – еліміздегі өзекті бағыттардың бірі. Халқымыздың 51%-ы әйелдер қауымы екенін ескерсек, елдегі саяси өмірге де барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету маңызды. Әрине, қазір мемлекеттік басқару ісінде, саясатта, бизнесте де әйелдер үлесі біршама артқанын мойындауымыз керек. Жаңартылған министрлер кабинетінің өзінде 4 әйел бар. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Мемлекет басшысы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіруге баса назар аударады. Бірақ әлі күнге дейін мемлекеттік компаниялардың басқарушы санатындағы әйелдердің үлесі небәрі 6-7%», - деді Қарақат Әбден депаттық сауал жолдай отырып. Оның айтуынша, «Қазақстан Темір Жолы», «KEGOC», «Қазақтелеком» сынды ірі компаниялардың директорлар кеңесінде бірде-бір әйел жоқ. «Кадрлар шоғырланған Астананада 5 аудан бойынша бір де бір әйел әкім немесе оның орынбарасы болып тағайындалмаған. «Халықтың 50%-дан астам үлесіне тең болып отырған әйелдер неге лауазымды қызметте 50%-ға жетпей отыр?» деген заңды сұрақ туындайды. Көп ойланудың қажеті жоқ. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолында біз 30%-ға жеткізіп, 50%-ға ұмтылуымыз керек», - дейді ол. Осылайша халық қалаулысы Премьер-Министр Әлихан Смаиловқа мынадай ұсыныс білдірді. Әкімдердің қызметін бағалайтын рейтингке өңірдегі топ-менеджменттегі әйелдердің үлесін анықтайтын көрсеткіш қосылсын; Үкімет тарапынан әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша нақты бағдарламаларды даярлау қарастырылсын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 14 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды