Қаратауда 26 қазанда қатты желдің салдарынан бес қабатты үйдің шатырының жартысы ұшып кетті.Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңертең үшінші ықшамауданда екпіні 22 м/с болатын желдің салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің 300 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кетті (жалпы ауданы 3215 ш.м.). Төтенше жағдайлар қызметі қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Үй 1976 жылы салынған, төбесі металл қаңылтырдан жасалған. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.