Қарағандыда қараусыз бала мен маскүнем ата- ана азаймай отыр. Олар пәтерлеріне бөтен адамдарды жинап алып ащы су ішіп, балаларын қараусыз қалдырады. Тәртіп сақшылары бір түнде осындай 45 қолайсыз отбасына ескерту жасалды.Тәртіп сақшыларына кішкентай бала жауап беріп жатыр. Ата- анасы оны одан да кіші қарындасымен бірге белгісіз мас адамдардың қасына қалдырып кеткен. Айтуларынша, жұмыста. Ал үйдің іші қоқыс үйіндісіне айналған. Балалар аш. Бұл отбасылар баяғыда есепке алынғанымен жағдайлары түзелмеген. Енді оларға қатаң ескерту жасалып, жауапкершілік танытпаса ата- ана құқынан айырылуы мүмкін. Өткен түні полицияның есебінде тұрған 250 адам тексерілді. Оның 21-і кәмелет жасқа толмағандар. Бір түнде әр түрлі 24 құқық бұзушылық анықталып, 6 адам оңалту орталығына жеткізілсе, тағы бір адам уақытша изоляторға қамалды. Талғат ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫ: Көптеген шағым түсетін үй иелерін , сонымен қатар өз балаларына тәлім- тәрбие бере алмайтын, сол балалардың жағдайын жасай алмайтын отбасыларын тексеріп өттік. Қылмыстардың болмауы, болдырмау мақсатында осындай ауқымды үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. А. Қуаш