Инсульт өлімге әкелетін ауру. Ал кей өнімдер бұл аурудың қаупін айтарлықтай арттырады. Кардиолог Олег Варфоломеев патология қаупін айтарлықтай арттыратын еттің екі түрін атады. Бұл туралы Massaget.kz порталы хабарлайды.Дәрігердің айтуынша, инсультке әкелетін негізгі тағамдар өңделген және қызыл ет. Тәулігіне 50 грамм тұтынылатын мұндай өнім ишемиялық инсульт қаупін 14 пайызға арттырды. "Егер етті тұздау, өңдеу, оны сақтау немесе дәм беру үшін қандай да бір түрде өзгертілген болса, бұл адам денсаулығына қауіпті", - деді Варфоломеев. Кардиолог өңделген етке шұжық, бекон және ветчина, ал қызыл етке сиыр мен шошқа еті енетінін айтады. Майлы тағамдарды шамадан тыс тұтыну холестериннің жоғарылау қаупін арттырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, инсульт болғандардың 43 пайызы алдын ала оның белгілерін сезгенін айтады.