“Қардың қалыңдығы 2 метр”: ШҚО- да төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданы қалың қардың астында қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Күршім ауданында қар көшкіні мен боранның тоқтамай тұрғанына он күнге жуық уақыт өтті. Синоптиктердің болжамына сәйкес, кей жерлерде қар қалыңдығы екі метрге дейін жетеді. ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ауылдар арасында көлік қатынасы тоқтаған.16 қаңтарда ауа-райы жағдайында ұшуға қолайлы болғаннан кейін ауданға азық-түлік, қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін тікұшақ жіберілді. "Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", - деп хабарлады ШҚО әкімдігі. ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметін сәйкес, Күршім ауданына жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жіберілген. 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиын болып тұр. Сондай-ақ, ауданға ШҚО ТЖД жоғары өтімді техникасы жіберілгені де айтылды. Шығыс Қазақстанның Марқакөл ауданында да ауа-райының қолайсыздығы өршіп тұр. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанның бірнеше аудандарында ауа райына байланысты мектептердегі сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Маралды және Тосқайың ауылдық округтерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап онлайн форматта оқиды. ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, 16 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты 0-4 сынып оқушылары үшін екінші ауысым сабақтары Риддер мен Глубокое ауданында қашықтан оқу форматына ауыстырылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы елімізде төлқұжат алғандар саны рекорд көрсеткіш орнатты
Мұхамед Салах Тьерри Анримен теңесті
Қатты қалдықтарды қайта өңдейтін цех жұмысшысы қолынан айрылып қала жаздады (ВИДЕО)
Метапневмовирус: сақтық шаралары мен алдын алу жолдары
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Алматыда Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер қашан өтеді?
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қанша?
Елімізде доллар мен еуроның бағамы өзгерді
«39 шарик жұтып қойған». Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Желіде Астананың астындағы жерасты туннелі туралы ақпарат тарады
Білім беру саласында миллиардтаған теңге жымқырылған: 40-тан аса шенеунік сот алдында жауап береді
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды