Өңірлерде өндіріс саласына мамандар жетіспейді. Бұл туралы «Respublica» партиясының өкілдері Қарағанды облысында жұртшылықпен кездесуде талқылады. Әсіресе жастар үлесінің аздығы – алаңдататын мәселе.Партия өкілдері Қарағанды қаласындағы бірнеше өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен жүздесті. Кездесу барысында маман тапшылығы мен бірқатар тақырыптар көтерілді. Жұмысшылар қауіпсіздікке байланысты сауалдарын қойып, пікір алмасты. Сондай-ақ, партия өкілдері өңірдегі тігін фабрикаларының біріне тоқтап, жұмыс барысымен танысты. Мұнда әлеуметтік жағдайды жақсарту жайында әңгіме өрбіді. Кейін металл өңдеу зауытына барып, қала экологиясы туралы талқылады. Кеншілерді алаңдататын сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біріншіден, экология мәселесі. Әсіресе жаңа жолда келе жатсақ, қарлардың бәрі қап-қара. Қардың үстіндегі қара дақ сияқты біздің Теміртау тұрғындарының өкпесі де сондай қара. Сондықтан біз ең бірінші осы мәселені шешуіміз керек. С. Оралбеков