Қарғалы аулында қараусыз қалған ғимарат тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Алматы облысында Қарғалы ауылында үлкен ғимарат қараусыз қалған. Ауылдың қақ ортасында орналасқа ескі нысанға жергілікті халық бірнеше мәрте шағымданған. Қазірде бұрынғы “мәдениет үйі” нағыз қоқыс полигонына айналған. Ал тұрғындар бұл жерден үнемі айқай, шу мен белгісіз топтардың жиналатынын байқағандарын айтады.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Құрылысы бітпеген мәдениет үйінің қазіргі күйі - осы. Тұрғындардың айтуынша, бұл апатты ғимарат соңғы жылдары наркопритонға айналған. Төңіректе шприцтар, бөтелкелер шашылып жатыр. Роза ІЛИЯСОВА, ҚАРҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына жерде бір не сияқты боп тұр… мусорный свалка! Мусорды да апарада, наркомандар, мастар, алқаштарда кіреді ішіне. Мына біздің акимат түк ештеңке жасамайды. Балалар да кейбірде ойнап, орын таппай кіреді ғой ойнаймыз деп. Әке шешелері көрмейді қайда барғанын. Міне кіреді де мына жерде талай балалар жарақат алып кеткен. Балалардың қауіпті ғимаратқа кіріп кететін айтып, ауыл тұрғыны Жұмагүл Қожамбердиева полиция шақырған. Олар әкімдікке де хат жазған. Бірақ нәтижесін көре алмай отырмыз, дейді. Жұмагүл ҚОЖАМБЕРДИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мына здание деген уже құлап бітті. Осы жерде өңшең жас балалар не істемейді. Жаз бойы осы жерден шықпайды. Ішінің бәрі толған мусор. Негізі вообще жауып тастау керек. Өйткені мына жерде өлім де болды. Бір жас бала қайтыс болды. Осы жерде тұр едім, екінші этаждан айқайлап, шыңғырған қыздың дауысы. Содан сасқанымнан баяғы кімге? Милицияғы звондадым. Милициямының өзі бір жарты сағаттан кейін келді. Апатты ғимараттың иесіне бірнеше рет хат жазылып, ескерту жіберілген. Алайда, меншік иесі әлі бір рет те кездесуге өзі келмеген. Қазіргі таңда бұл нысанды мемлекет меншігіне өткізу үшін келіссөздер жүргізіліп, құжаттар реттеліп жатыр дейді әкім. Қуаныш НАМЕТОВ, ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Жекеше ғимарат болғандықтан ол кісілердің өздері қоршап, ішінің бәрін жауып сондай жұмыс жасауға біз қазір талап етіп жатырмыз. Ол жерге мектеп жасындағы балалар ойнайды ішіне кіріп, алкоголді ішімдікпен ішсе де сол қуысқа барып. ТЖ хат жолдадық, СЭС-ке хат жолдадық, сонымен қатар аудандық РОВД-ға хат жолданды. Мәселе нақты қашан шешімін табатыны әзірге белгісіз. Әзірге балалардың қауіпсіздігі үшін тұрақты түрде рейд жүргізілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы апаттан тірі қалғандардың аты-жөні белгілі болды
Депутат ерекше баланың ата-анасын зейнетке ерте шығаруды ұсынды
Ақтау маңында ұшақ құлады: ТЖД оқиға орнына барды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады