Қарғын су Тобыл өңіріндегі 90 елдімекенге қауіп төндіруі мүмкін

Тобыл өңірінде тоқсанға жуық ауылға қарғын су қаупі төніп тұр. Қостанайдағы шағын аудандарда қар қалың. Шаһар билігі шұғыл сенбілік шарасын қолға алып жатыр.Қаланы қардан тазартуға барша жұрт атсалысу керек дейді. Тасқынға қарсы тойтарыс шаралары жөнінде өңірдегі тілшілер өрбітеді. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Биыл өңірге қар қалың түсті.Даланы айтпағанның өзінде қаланың ауласында тау болып үйіліп жатыр.Көпшілік көктемде үйімізді су басады деп алаңдаулы. Әсіресе Қостанай-2 шағын ауданы мен Тобыл өзені бойындағы жеке сектор тұрғындары ауласын ақ ұлпадан аршып әлек.Тұрғындар күн жылынғанға дейін қалың қарды сыртқа шығаруы керек. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қарғын судан қауіп бар.Өйткені біздің үйлер төменгі жақта.Сондықтан осы төңіректегі тұрғындарға көмек керек.Қарды сыртқа шығару керек. - Қар өте көп түсті.Қала биілігі көшені тазартамыз деген.Енді міне ауланың маңайын аршып жатыр.Трактор жақынырақ келсін деген оймен. Былтырғыдан екі есе қалың түскен қарды коммуналдық мекемелер сыртқа шығарып үлгермей жатыр. Қазірдің өзінде 600 мың текше метрден астам ақ ұлпа алшаққа тасылған. Алайда күн күрт жылыса жағдай қиындап кетуі мүмкін.Сондықтан өңірде бейсенбіден бастап жаппай сенбілік ұйымдастырылады. Оған барлық мекеме жұмысшыларымен қатар, қала тұрғындары да қатысады. Аязбек ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін 278 тоннадан астам жанар-жағармай материалдары, 12750 тонна инертті материалдар, 75 820 дана қапшықтар дайындалды, зардап шеккен халыққа 3.6 млн.теңге сомасына 16 тонна азық-түлік жеткізуге 147 шарт жасалды. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Төтенше жағдайлар департаменті төтеден төнетін қауіпке сақадай сай отырмыз деп мәлімдеді. Су тасқыны бола қалған жағдайда 13 мыңнан астам адамды орналастыратын 135 эвакуациялық орын дайындалған.Ал еліміздің оңтүстігіндегі жағдай қалай?Оны әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шымкент пен Түркістан облысында да кешеден бері қар жауып жатыр. Қазгидромет мамандары, ақпан айында жауын-шашын мөлшері болжамнан 15-20 процентке көп болғанын айтады. Бірақ онан келер қауіп жоқ, - дейді. Маханбет ЖАЗЫХБАЕВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңға облыстың таулы аймақтарын бақылайтын үш қар өлшеу маршруты бойынша 1947 метр теңіз деңгейіненен биікте бүгінгі таңда 81 см қар бар. Ол сәуір айының соңына, мамыр айына дейін күн бірден жылыған жағдайда ғана еруі мүмкін. Сырдария өзені мен Шардара су қоймасындағы жағдай да бірқалыпты. Дарияда судың толымдылығы өткен жылмен салыстырғанда 700 млн текше метрге аз. Бетіне қатқан мұз жоқ. Ал Шардара су қоймасы 80 процентке ғана толы. Қазір онда 4 млрд 156 млн текше метр су бар. Жауаптылардың мәліметінше жағдай бақылауда. Наурыз, сәуір айларында жаңбыр көп болса, беткейдегі ауылдарға ғана су басу қаупі туындауы мүмкін. Нұрлыбек РАХЫМБЕРДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жауын-шашын бізде наурыз айында нормадан жоғары деп күтілуде. Соған біз қазіргі таңда дайындық жүмыстарын қатаң түрде бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Су тасқынына дайындық жүмыстарды жол картасы толығымен 100 пайызға атқарылды. Оның ішінде 22 елдімекен қауіпті аймақта болған. Қазіргі таңда толығымен қауіп сейілді. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Синоптиктер күн күрт ысымайды, біртіндеп жылиды деп отыр. Сондай-ақ, жерде тоңның болмауы да қауіптің ауылын алыстататынын айтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді