Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.Карина Ибрагимова Азия ойындарының 1/4 кезеңде моңғол спортшысы Намуун Монхорды 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Сондай-ақ ол бокстан Парижге алғашқы жолдаманы жеңіп алды. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, 57 келі салмақ санатында өнер көрсетеді. Бүгін сонымен қатар Азия ойындарында Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньнен жеңіліп, қола медаль алды. Ал Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.