Үкімет басшысы Әлихан Смайылов азаматтардың әл-ауқатын арттыру туралы айтты.«Халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсу болжамдарын 2 есеге жуық азайтты. Алайда сыртқы факторларға қарамастан, біз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қана қоймай, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Базалық салаларды сапалы дамытуға барынша көңіл бөлу қажет. Әрбір министр, өңір әкімі және ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары еңбек кірістерінің өсуі, сапалы жұмыс орындарын құру есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде белсенді шаралар қабылдауы тиіс. Қаржылық тәртіпті күшейту маңызды», - деді Смайылов. Ол атағандай, бюджеттік бағдарламалардың бірқатар әкімшілері бюджет қаражатын игермеген. «Бюджет параметрлерінің сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған инвестициялық іс-шаралардың орындалуы ерекше бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу керек», - деді ол.