АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында америкалық Девин Хейни мен украиналық Василий Ломаченко арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. WBC, WBA Super, IBF, WBO тұжырымдары бойынша абсолютті әлем чемпионы саналатын Девин аталған кездесуде жеңіске жетті. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті америкалық боксшыға берген. Алайда желіде Ломаченконың жеңісін тартып алғаны туралы көпшілік пікір қалдыруда. Ал боксшы болса, қазылардың шешімін талқыламайтынын айтқан. "Біріншіден, құдайға рахмет. Екіншіден мені қолдаған командама, әкеме, жанкүйерлерге рахмет. Төрешілердің шешімі туралы ештеңе айтпаймын. Бұл мен үшін ыңғайсыз жағдай", - деді украиналық боксшы. Хейни өз мансабында 30 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал Ломаченко үш рет жеңіліп, 17 рет қарсыластан басым түсті.: