Ақтауда төтенше жағдай жарияланды. Бұған Каспий теңізінің тартылуы себеп. Әкімдік қауіптің алдын алу үшін осындай шешім қабылдаған. Бұл Маңғыстау атом энергетика комбинаты серіктестігінің жұмысына әсер етпейді. Қаланы электр және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады. Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспийдің тартылуына климаттың өзгеруі әсер етуде дейді. Министрлік бұл мәселені шешу үшін қазір теңіз маңындағы елдермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.Зүлфия СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: Бірқатар қысым факторлары бар. Біріншіден, өзендер ағынының төмендеуі. Каспий – жабық су қоймасы. Өзендер тұрақты түрде құйып тұрмаса, ондағы су деңгейі төмендей береді, өйткені оның қорек көзі болуы керек. Біз Каспийге құятын өзендердің жағдайын көріп отырмыз. Кез келген өзгеріс әсер етеді.