Актер Тәуекел Мүсілім АҚШ нарығын арнайы зерттеп, автокөлік тасымалдау саласында кәсіп бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz."Кәсіппен, әрине, айналысқым келеді. Өйткені актерлік бүгін бар, ертең жоқ дүние. Оның үстіне, қазір жас та келіп жатыр. Жасармаймыз одан сайын, қартаямыз дегендей. Сол себепті сұраныс та азаяды, оның бәрін түсінеміз", - деді ол.Тәуекел Мүсілім кәсіптегі "нишасын" таңдауда ұзақ ойланған. Себебі нарықтағы бәсекені білемін дейді. Оның айтуынша, жаңа бизнес жайлы ұсыныс АҚШ-тағы достарынан түскен."Осы жақында ғана Америкаға барып келдік. Сол Америкада тұратын дос балаларыммен сөйлесіп, олар бір-екі ұсыныс жасады. Енді жігіттерге жақын автокөлік, басқа да техниканы тасымалдаймыз", - деді ол.Актер бұған дейін де кәсіппен айналысып көрген. Оның жеке барбершобы болған еді, алайда бұл кәсібі сәтсіздікке ұшыраған."Барбершоп ашқан болатынмын, бірақ ол бағытты жүргізу сәл қиындау екен. Оның үстіне, әрдайым өзің сол жерде болуың керек, бірге жүруің керек, көруің керек. Ал менің сәйкесінше түсірілімдерім болғаннан кейін ондайға қол тимейді", - деді актер.