Картинада енесі бейнеленген: қазақ қызы ұлыбританиялық сурет байқауында топ жарды

Әлеуметтік желіде халықаралық сурет байқауында топ жарған қазақ қызының видеосы тарады. Қазақстандық қыз байқауға 30-ға жуық елден суретші қатысқанын, ал сол туындыларының арасында оның картинасы бірінші орын алғанын айтады. Massaget.kz тілшісі ұлыбританиялық байқауда жеңіске жеткен суретші Әсемгүл Сүлейменовамен сұхбаттасты.Қылқалам шебері биыл жазда "Golden Time Talent" байқауына өз туындысын ұсынғанын айтады. Ал кеше сол жарыста бірінші орын алғанын біліпті."Көк туымды әлемге желбіреткім келеді! Аллама мыңда бір шүкір! "Ана мен бала". Жазда ұлыбританиялық халықаралық "Golden Time Talent" байқауына осы суретті жібердім. Бүгін нәтижесі келді. Картинам бірінші орын алды. 30-ға жуық ел мен 190 картина "Кескіндеме" бөлімі бойынша қатысты", - деп жазды суретші.Желі қолданушылары да оның талантына, өнеріне таңданысын жасырмаған."Қазақстанда өкінішке орай боксерлерді құрметтейді", "Сөз жоқ, керемет картина", "Жарайсың, нағыз талант", "Жеңісің құтты болсын қызым, өте керемет көрініс, тамаша, талабыңа нұр жаусын", - деп жазды әлеуметтік желідегілер.31 жастағы суретші Әсемгүл Сүлейменова - Орал қаласының тумасы. Сол қалада көркем өнер мектебін тәмамдаған. Ал 11-сыныпты бітірген соң Астана қаласындағы "Шабыт" өнер университетіне оқуға түскен."Университетті бітіргеннен кейін Алматыға көшіп, тұрмысқа шықтым, ұлым бар", -  дейді ол жеке өмірі туралы.Әсемгүл сурет өнерімен бала кезінен бері айналысатынын жеткізді."Бала кезімнен сурет саламын, анам осы талантымды байқап, өнер мектебіне берді. Кейін қабырғаларға сурет салудан, кішігірім тапсырыс қабылдаудан бастадым. Одан кейін ірі компаниялармен жұмыс істедім. BI Group, Eurasian Bank, Қазақстан қонақүйі суреттеріме тапсырыс берді", - дейді ол.Суретші халықаралық байқау туралы әлеуметтік желіден көрген. Ал оның ұсынған суретінің өз тарихы бар екен. Онда бейнеленген әйел адам - енесі."Жарыс туралы әлеуметтік желіден көріп, байқап көруді ұйғардым. Бірақ орын аламын деп күтпедім. Бұл мен үшін таңғаларлық жайт болды. Жай ғана халықаралық байқауда өзімнің бағымды сынап көргім келді. Байқау Ұлыбританияда, Лондонда онлайн өтті. Сайтта 50 шақты мемлекет қатысып жатқаны жазылған. Бірақ дәл кескіндеме бойынша 30 шақты мемлекет, 190 картина қатысты", - дейді суретші.Ал болашақта ол қазақтың көркем өнерін дамытып, халықаралық байқауларға қатысуды жоспарлайды әрі мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматының №29 қалалық емханасында аудиологиялық скринингтік кабинет ашылды
Атырауда 10 айлық бала көз жұмды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Алматыда "Бастау" кинофестивалі ашылды
Мемлекет басшысы рух деген сөзді жиі айтады – Ерлан Қошанов
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Астанада Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі талқыланды
Өзбек боксшысы финалда Абылайхан Жүсіповті тістеп алған (видео)
Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені бұзылып жатыр
Синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады