Ресейдің Воронеж қаласында қарттар үйінде өрт шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.Құтқарушылар оқиға орнынан 52 адамды эвакуиациялады. Оның 49-ы жүріп-тұруы қиын жандар болса, үшеуі қызметкер болған. Ресейлің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалын жылдам ауыздықталды. Екі қабатты үйдің 200 шаршы метрін өрт шарпыған. Оны сөндіруге 66 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылды. Әзірге жалынның неден тұтанғаны белгісіз.