Қару-жарақ ұстайтын астаналықтар көбейіп келеді - полиция

Елордада қару-жарақ иелері жыл санап артып келеді. Толығырақ Астана қаласы полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елорда халқы жыл санап көбейіп келеді, тиісінше қару-жарақ иеленушілердің де саны көбейді. Астанада қару-жарақ ұстайтын адамдар жылына 500-ге артады. Жалпы сұраныс бар. Біреулер жеке басын қорғау мақсатында алса, екінші бір топ спорт үшін, тағы біреулер аң аулауға алып жатады. Негізінде қару ұстауға рұқсат жоғарыда аталған үш мақсатқа беріледі», – деді Азамат Әмен полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, инспектор қару-жарақ қолданып жасалатын қылмыстардың азайғанын айтып отыр. «Елордада мұндай қылмыстар азайды. 2015 жылдан бері травматикалық қаруды сатып алу акциясы өтіп келеді. Содан бері қарумен жасалған қылмыс саны айтарлықтай төмендеді. Мектепте қару-жарақты қолдану бойынша профилактикалық шара өткізіліп тұрады. Сонымен қатар қару-жарақ дүкендерінің иелеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады», - дейді ол. Айта кетейік, елордада 10 сәуірде тіркелмеген қару-жарақты сатып алу акциясы басталады. Оның аясында астаналықтар қару-жарақты өз еркімен полицияға тапсырып 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін сыйақы ала алады. Сыйақы қарудың түріне, санатына және сақталу жағдайына қарай белгіленеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралмақ
Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өсті
2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Қазақстан азаматтары қай елдерге визасыз бара алады
Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Шымкентте алаяқтықпен айналысқан адам іздестіріліп жатыр
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Су тасқыны кезеңіне дайындық: елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Елордада жас отбасы арзан бағада тур аламыз деп алаяққа алданды