Қарулы күштер офицерінің отбасында 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді

Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері авиациялық базаның әскери қызметшісі майор Мұхтар Әзімбаевтың жұбайы мен ұлының перзентханадан шығуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Мұхтар Әзімбаев – Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі. Қарулы күштердегі қызметін авиацияның командалық-тактикалық жауынгерлік басқару офицері лауазымында бастаған. Бүгінде ол 21751 әскери бөлімінің жақын аймақ бойынша ұшу жетекшісі. Жұбайы Диана Әзімбаева – Талдықорған қаласындағы төлем орталығының қызметкері.2015 жылы шаңырақ көтерген Мұхтар мен Диана биыл көпбалалы ата-ана атанып отыр. Тұңғышы Айзере 2016 жылы туған. Екінші баласы Мұхаммедәмин 2018 жылы дүниеге келген. 2020 жылы дүние есігін ашқан Мейран үш жаста. Ал 14 қарашада дүниеге келген сәби төртінші балалары. Халықтың деректер базасындағы көрсеткіштеріне сәйкес олардың сәбиі Айсұлтан 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған және Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны деп танылған бес баланың бірі болып отыр. Олардың төртінші баласы Айсұлтанның туған күні еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны тіркелген сәтпен тұспа-тұс келгені туралы ата-аналар Президенттің Twitter-дегі хабарламасынан білді. Жетісулық отбасын облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Ол нәресте мен ата-анасына денсаулық тілеп, отбасына баланың ерекше үлгідегі туу туралы куәлігін тапсырып, Президенттің атынан сыйлық берді. «Отбасы банк» АҚ Жетісу облысы филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев Әзімбаевтар отбасына 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Болашақта бұл қаражат оқу ақысын төлеуге немесе Айсұлтан үшін тұрғын үй сатып алуға алғашқы жарна ретінде жұмсалуы мүмкін. Авиациялық база командирінің орынбасары подполковник Айдар Гаухаров ерлі-зайыптыларға Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыс етті. Онда генерал-полковник Руслан Жақсылықов нәрестенің офицер отбасында дүниеге келуі маңызды оқиға екенін атап өткен. "Айсұлтан әкесінің ісін лайықты жалғастырушы болатынына сенімдімін. Отбасыңызға бейбіт аспан, денсаулық пен амандық тілеймін", - деген. Әріптестері мерейлі сәби сүйген бақытты ананы әскери оркестрмен қарсы алды. Олар Әзімбаевтар отбасын айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, бақыт тіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
Шетелдегі қазақтар туралы жаңа кітап жарық көрді
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Халықтың қаржысын жымқырғандарды шетелге шығармау керек - Перуашев
Өскемендегі экологиялық дағдарыс: «Қазмырыштың» кінәсі бар ма, не істеу керек?
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті
«Ең бірінші өздеріңді тазалаңдар»: Жаңбыршин жемқорларды тоқтатуды талап етті
Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасында Мейрамбек Бесбаевқа ақ батасын берді (ВИДЕО)
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы қалай өзгерді?