7 - сәуірде іс-шараларды өткізу кезінде 814 адам ҚР ҚК жеке құрамы, 44 бірлік әскери техника, 3 бірлік армиялық авиация тікұшақтары, 2 бірлік әскери – көліктік авиация жұмылдырылды. Авиациямен 262 адам, сондай-ақ 4 200 келі жүк тасымалданды. Тікұшақ 19 және ұшақ 2 рейс жасады. 44 400 құм салынған қапшықтар дайындалып, қойылды. Ми - 8 тікұшақтарымен 178 азаматтық адам және 1 700 келі жеке заттар, 34 адам тасымалданып, 2 100 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. С-295 ұшағымен Алматыдан Қостанайға жабдығымен 40 адам тасымалданды. Бұл туралы ҚР ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин ОКҚ алаңында хабарлады.«Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затобольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, 800 метр «Тобыл» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді. Аумақтық қорғаныс бригадасының іс-қимылын үйлестіру үшін Қостанай облысына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жұмыс орнына ұшып барды. Тобыл өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - деді спикер.