"Қарызсыз қоғам" жобасы халықтың сауатын арттыруға бағытталған

Павлодарда Жетекші ауылында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы тоқтап қалды. Бұған мердігердің жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлемеуі себеп болған. Қарыз 24 млн теңгеге жуықтаған. Ауылдағы су құбыры да бас ауруға айналды. 3 жылдан бері бітпей тұр. Мәселенің мән-жайымен өңірге арнайы келген «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов танысты. Жетекші ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы былтыр басталған. Келер жылы көктемде пайдалануға берілуі керек. Алайда, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бас мердігер жұмысшыларға жалақы төлемей қойған. Қызметкерлер алдындағы қарызы 24 млн теңгеге жетті. Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Бүгінгі таңда бас мердігер 30 пайыз 130 млн алса, субподрячикке 30 млн-дай ғана қаражат бөлген болатын. Бүгінгі таңда су подряд өз жұмыстарын толық орындай алмай, жұмыскерлерге жалақысын төлей алмай отыр. Жұмысын дұрыс атқармаған мердігерді қалалық құрылыс бөлімі сотқа беретін болды. Ал осы ауылдағы су құбыры 3 жылдан бері бітер емес. Жоспар бойынша өткен жылы іске қосылуы керек. Десе де, мердігер 15 қазанға дейін барлық жұмысты аяқтаймыз - деп отыр. Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Бірақ, көріп тұрмыз әлі көптеген жұмыстар бар. Әрине, партияластармен бірге су құбырының іске асуын қадағалауға аламыз. Сапар аясында «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов облыстық филиалдың есеп беру жиынына да қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған өзекті мәселелер талқыланды. Мәди ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жаңа өнеркәсіптік саясат еліміздің ең ірі индустриялық аймақтарының бірі - Павлодар облысының дамуына жаңа серпін береді. Біріншіден, ол «Қарызсыз қоғам» жобасы. Бұл жоба халықтың сауатын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы осы жобаны кеңейтіп, Павлодар облысында да осы жоба іске асырылатын болады. Өңірде «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 1,5 млрд теңге игерілген. Ал «Жер Аманаты» арқылы бос жатқан 380 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
FlyArystan ұшағының кешігуі жолаушының жүйкесіне тиді
Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылды
Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
Атырауда 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимараты қайта жаңғырады
Жаһан Отарғалиев ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленді (ВИДЕО)
Өмірін қатерге тігіп, өртенген үйден адамды құтқарған курсант алғыс хатпен марапатталды
Жеңіліс тілейтін Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты
19 киік жануарын тасымалдаған төрт қызылордалық ұсталды
"Таза Қазақстан": Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді
Анастасия Городко екі дүркін қысқы Универсиада чемпионы атанды