"АMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасына енді астаналықтар да қатыса алады. Жыл соңына дейін елордада 10 мыңнан астам тұрғын қаржылық сауатын арттырады. Халық арасында сұранысқа ие болған жоба былтыр нәтижелі болды. 8 өңірде 65 мың адам қаржылық сауаттылық курсынан өтіп, өз қаражатын басқаруды үйренді. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылар 5 күндік тегін оқу семинарында өз қаражаттарын тиімді басқаруды үйренеді. Сондай-ақ кәсіп ашуды көздегендерге бағыт-бағдар беріліп, қаржы пирамидалары мен алаяқтардың арбауына түспеу жолдары қарастырылады. Мамандар жобаға қатысушыларды жыл соңына дейін сүйемелдеп отырады. Дулат МЫҢБАЕВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САРАПШЫСЫ: Қатысушыларымыз өзінің жеке жіне отбасылық қаражатын басқаруды үйренеді. Шығындарын оңтайландыруды, банктерден алған несиелерін қалай қайтадан құралым жасап, төлемдерін төмендету бойынша өзінің жеке қор жинаған жасауды үйренетін болады. Оқу барысында қатысушыларға заңгер көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді. Жобаға барлық жастағы тұрғындар қатыса алады. Ерболсын ТОҒАЕВ, №13 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ: Қай жаста болса да, сауаттылықты білген жақсы ғой. Қазір Қазақстан бойынша 6 млн-нан астам адамның қарызы бар екен. Осы қарыздарды болдыртпаудың сол үшін сауаттылықты ашу үшін осы курсқа келіп отырмыз. «AMANAT» партиясының игі бастамасымен ұйымдастырылып жатқан елеулі жобаға Қостанай ауданынан елу адам қатысуға ниет білдірген. Алмат ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бір жылдың ішінде біздің облыста 8 мыңға жуық адам оқуға қатысатын болады. Олар 5 күн оқиды. Қостанай ауданында және басқа да бес аудан мен қалада жоба жүзеге аса бастады. Саадат Сейітқалиева қаржылық сауаттылыққа үйрететін алғашқы дәріске арнайы Алтынсары ауылынан келген. Саадат СЕЙІТҚАЛИЕВА, КӘСІПКЕР: Жеке кәсіпкер болып істеймін. Өз ақшамды дұрыс жұмсау үшін, көбейту үшін, соны үйрену үшін келдім. Осы курстар өте маңызды. Әр адамға пайдалы деп ойлаймын. Былтыр «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жоба басталған тұста аймақтың он мың тұрғынын оқыту межесін қойған. Жоспар 11 пайызға артық орындалып, 11 215 адам оқытылды. Мейрамкүл БИЖАНОВА, МӘДІМАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Несие алған кезде оңай алып, төлейтің уақытта қиналамыз. Сондықтан осы жобаның бізге берері көп деп ойлаймын. Осы жерде өзіме қажетті әрбір нәрсені үйреніп, халық үшін пайдасы тиетін болса халықтың айтар алғысы мол. Жобаға қатысушыларға enbek.kz порталына тіркелу, соттан тыс банкроттықты және берешекті өтеу кестесін жасау секілді мәселелер бойынша кеңес беріледі.