"Қарызсыз қоғам" жобасының менеджерлері 500 мың қазақстандықтың арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде ата-аналардың 78%-ы мектеп қабырғасында қаржылық сауаттылық сабағын енгізуді қолдайды. Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, енді сабақты тарих, көркем еңбек, дене шынықтыру және қазақ тілі мұғалімдері жүргізеді. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні. Ақмарал БЕКМҰРЗАЕВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Әр бесінші оқушы "Жаһандық құзыреттілік" сабағы қызықтырмайтынын айтты. Оның бірнеше себебі бар: пән кестеде 7-ші немесе 8-ші сабақ ретінде тұр, тақырыптар мүлдем қызықсыз, ал интернеттегі материал керісінше қызықты. Сонымен қатар, осы пән бойынша сабақ беретін мұғалімдері жоқ. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 60%-ы қаржылық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Ата-аналар да олармен келіседі.