«Қарызсыз қоғам» тақырыбында Workshop кездесу өтті

Кәсіп бастау үшін қыруар қаржы керек емес. Қаржылай сауатты болсаңыз болды. «AMANAT» партиясы алаңында Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» тақырыбында WORKSHOP кездесу өтті. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - қоғамның қарызға, әсіресе несие алуға жақындығы. Қаржылық сауат негіздерін түсіну, өз бюджетін қалыптастыра алу және оны бөлу мен жоспарлай алу қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Жоқтан бар жасап, инвестициясыз кәсібін дөңгелеткен Бота Аятқызы соған дәлел.Бота АЯТҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР: Мен мысалы жалғыз басты анамын. Жолдасым қайтыс болған. Мен сонда кішкентай 5 айлық баламен қала отырып, мен өзім ешкімнен көмек сұрамай бизнесімді бастап кетіп едім. Әрекет жасау керек деп айтамын. + қазір Алланың қалауымен 400 МРП грантын ұтып алдым, 5 миллионның грантын ұтып алдым. Сол қазір 2 грант арқылы бизнесімді ары қарай дамытып, қазір міне офис алып, оборудование алып, жұмысшылар алып сол кәсібімді ары қарай дөңгелетіп отырмын. Жиынға 70-тен астам қыз-келіншек қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала отырып, бұл жобаның халық әлеуетін жақсартудағы маңызын атап өтті. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру- жас талғамайтын, кезекті талап етпейтін жағдай. Осыған байланысты спикерлер ақшаны дұрыс жұмсай білу, түбіртекті талап ету сияқты дүниелерді бала кезден қалыптастыру қажет екендігін сөздеріне тиек етті. Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Өңірлерде, басқа қалаларда, ауылдарда, аудандарда осындай іс-шаралар өтуде мыңдаған адамдар қатысуда. Енді ары қарай әрбір адам осы жобаға қатысып, керек ақпаратты алып, арық қарай өз өмірін, өз кәсібін, өз жолын дұрыс бағытта қалай жоспарлайды, қалай жүргізеді сол ғой ең бастысы. Әсері. Сәуле САМИДИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл семинар көбірек ақпаратты нақтылауға бағытталған. Өйткені бізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар, мемлекеттік гранттар бар. Әйелдер кәсіпкерлігіне де қолдау көрсетілуде. Бізде жергілікті атқарушы органдар стартаптарға несиелер бөледі, жастар үшін бұған әйелдер санаты кіреді. Біздің міндетіміз - бұл гранттарды алған кезде олар бұл ақшаны дұрыс жұмсауы үшін, бұл грант олардың жұмысын бастауға көмектесетіндей етіп түсіндіру.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Доллардың өсуі ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер етпек?
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты