Қарызсыз өмір сүрудің жолдары қандай?

Елімізде ауыл тұрғындарының қаржы сауатын арттыру бойынша әлеуметтік жобаның алғашқы нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.«Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту жөніндегі Ассоциация төрағасы Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, қазіргі кезге дейін оқудан 6 мыңнан астам адам өтті. "Жоба еліміздің 8 аймағындағы ауыл тұрғындары үшін жүріп жатыр. Қазірге дейін 6120 адамды оқыттық. Оқуға келгендердің 81 пайызы әйелдер екенін айта кетейін. Сондай-ақ келушілердің арасында қарызға батқандар да, орта кәсіппен айналысатыдар да бар. Негізі қаржы жағанын сауатты болу адамның әлеуметтік жағдайына немесе табатын табысына байланысты емес. Сондықтан біздің басты мақсат - адамдарды өз қаржысын барынша дұрыс басқаруға үйрету", - дейді Ақмарал Бекмұрзаева. Оның айтуынша, адамдарда қаржы көзінің 3 түрі болуы керек. Ол - айлық, пассивті кіріс және инвестиция. "Біз өз сабақтарымызда осындай пайдалы ақпаратты бөлісіп, практика жүзінде әртүрлі қаржы инструменттеріне үйретеміз. Әр оқу 5 күнге жалғасады. Сабақтар Аmanat партиясының аудандық филиалдарында ұйымдастырылады. Сондықтан қатысамын деген кез келген адам сол жерге келе алады", - деді ол. Сондай-ақ Ақмарал Бекмұрзаева қарызсыз өмір сүрудің жолдарын айтты. "Ең бастысы өзіңіздің шығындарыңызды реттеу керек. Бір айда не нәрсеге қанша жұмсағаныңызды есептеп шығығыз. Мәселен супермаркетке тізіммен барыңыз, сондай-ақ заттарды эмоциямен сатып алмаңыз. Егер қандай да бір зат алғыңыз келсе, онда 72 сағат шыдаңыз. Шешімді осы уақыттан кейін қабылдаңыз. Ақшаны еселеудің ең тиімді түрі - депозит. Сондықтан аз да болсын, депозит ашып, ақша жинай беру қажет", - деп кеңес айтты ол. Айта кетейік, Аmanat партиясы мен Halyk Bank қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасы 2 мамырда бастау алған. Әлеуметтік бастама 2023 жылдың соңына дейін жалғасып, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының 60 мыңға жуық тұрғынын қамтымақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды