Кәріз суын өңдеп, ауыз су ретінде пайдаланбақ

Құрғақшылықтан қатты зардап шегіп жатқан АҚШ штаттары кәріз суын ауыз суға айналдыруға мәжбүр. Калифорния сумен қамту мекемелеріне дәретханадан шыққан суды қайта өңдеп, онымен үйлер мен мектептерді және кәсіпорындарды қамтуға рұқсат берді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Суды тазарту мекемесінің өкілі кәріз суы мен одан тазартып алынған суды салыстыра көрсетіп тұр. Әбден сүзгіден өткен екіншісінің мөлдірлігін шыны құтыдан анық көруге болады. Кәріз суын ауыз су ретінде пайдалануға рұқсат беру мәжбүрлі қадам. Себебі, қырық миллион тұрғыны бар өңір үш жыл қатарынан құрғақшылықтан зардап шегіп отыр. Су қоймаларының түбі көріне бастады. Сондықтан бұған дейін дәртханадан шыққан суды тек егін алқаптарына ғана қолданатын штат енді амалсыз оны ауыз су ретінде пайдаланбақ. Кирстен Струве, сумен жабдықтау мекемесінің өкілі: Калифорнияда құрғақшылықтан көз ашпай тұр. Оның үстіне климаттың өзгеруі жағдайды тіпті нашарлатып жіберді. Қайта өңдеу су тапшылығын жоюдың амалы, елдің сұранысын қанағаттандыру үшін қажет. Сондықтан да біз осы нысанды аштық. Жалпы, дәретқана суын қайта өңдеп пайдалану ісі осыдан жиырма жыл бұрын қолға алынғанымен тұрғындар қарсы болып, тың жоба жылдар бойы жүзеге аспай келді. Алайда, ауыз су тым қымбатқа түсіп жатқан көрген халықтың қазір пікірі өзгерді дейді мамандар. Бекітілген ережеге сәйкес, кәріз суы үш деңгейлі тазарту сүзгісінен өтеді. Сонымен қатар вирус, бактерия секілді түрлі микроорганизмдерден қосымша тазартылады. Ол үшін озон газы, күшті дезинфекциялық тотықтырғыш пайданылады. Мамандар мұндай тыңғылықты процестерден өткен кәріз суы ауыз судан да таза болады деп отыр. Лэйкиша Брайан, сумен жабдықтау мекемесінің өкілі: Мен осындағы суды тазалауға қолданылатын барлық озық технологияларды көрген соң өндірілген суды алаңсыз ішуге болатынына көз жеткіздім. Әсіресе судың сүзгіден өткенге дейінге және одан кейінгі күйін қарап таң қаласың. Соңында өте мөлдір әрі таза болып шығады. Қайта өңделген кәріз суы ауыз су ретінде үйлер мен мектептерге және кәсіпорындарға жіберіледі. Бұған дейін Колорадо дәретхана суын кәдеге жарата бастаған еді. Осылайша, Калифорния бұл тәсілді қолға алған екінші штат. Өңір су тазалайтын кәсіпорындарырның санын еселеп көбейтпек. Ол үшін алдағы жиырма бес жылда 27 миллиард доллар жұмсайтындарын мәлімдеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Дүниеге қыз келді!“ Баян Мақсатқызы тағы бір қуанышын бөлісті
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
Доллар, сен неден күшті болдың?
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген
208 мың теңге: қазақстандықтарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған қылмыстық топ анықталды
Ақмола облысында ер адам далада кішкентай баланы аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан отбасы мүшелері сотталды
Ақмолада ер адам ұлымен төбелескен баланы ұрып тастаған
Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлімі: полиция істі тоқтатты
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Елордада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Шөл далада жоғалып кеткен турист бір айдан соң аман-есен табылды
“Дүниеге қыз келді!“ Баян Мақсатқызы тағы бір қуанышын бөлісті
208 мың теңге: кімдерге арнаулы әлеуметтік төлем төленеді?
Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма?
Ғани Бисембаев Абай облысының үздік педагогтарына баға берді