Қасиетті Медина қаласын су басты

Биыл Азияның біраз аймағы тасқынмен қоса аптап ыстықтан зардап шекті. Сауд Арабиясы мен Бразилия алапат сумен алысып жатса, Үндістан мен Таиландта күн жанып тұр. Салдарынан мектептер жабылып, төтенше жағдай жарияланды. Әлемдегі климаттық өзгерістер туралы толығырақ әріптесім Аружан Задабек тарқатады. Эфирде - Жер-жаһан айдары. Қайырлы кеш, көрермен! Иә, Сауд Арабиясын су басты.Төпелеп жауған жаңбырдан бірнеше өңірде көшелер көлге айналған. Олардың ішінде ел астанасы Әр-Рияд пен қасиетті Медина қаласы да бар. Табиғи апатқа байланысты балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатты. Өйткені елдің біраз бөлігінде екпінді жел мен нөсер әлі де сақталады. Сауд Арабиясы Парсы шығанағында тасқыннан зардап шеккен жалғыз мемлекет емес. Өткен айда Оманда топан судан 21 адам, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 тұрғын қайтыс болған еді. Бразилияда да жағдай мәз емес. Тоқтаусыз жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының бөгеті құлады. Салдарынан 30-дан аса адам қайтыс болды. 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен. Қазір жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз отыр. Топан судан бас-аяғы 134 қала зардап шеккен. Синоптиктер, алдағы уақытта жауынның жалғасатынын ескертті. Эдуардо ЛЕЙТЕ, РИО-ГРАНДЕ-ДУ-СУЛ ГУБЕРНАТОРЫ: Бұл біздің мемлекетте бұрын-сонды болмаған ең үлкен апат. Өте өкінішті. Жоғарыда айтқан қос мемлекет тасқынға тосқауыл іздеп жүрсе, Үндістан мен Бангладеш тұрғындары бір тамшы суға зәру. Жануарлардың да хәлі мүшкіл. Қазір хайуанаттар дүкеніндегі сынап бағанасы 43 градустан асқан. Үндістандағы жағдай да осыған ұқсас. Елдегі ауыл-аймақта құбырлар істен шықты. Бір жұтым су табудың өзі қиынға шоғып отыр. Сучитра ХАЛДАЛ, ТҰРҒЫН: Су тапшылығы қатты байқалады. Бірнеше ұңғыма жұмысын тоқтатақан. Әзірге, ауызсуды алыс орналасқан ауылдардан әкеліп жүрміз. Басқа амалымыз жоқ. Кейін осыған да зар болып қалатын сеілдіміз. Ми қайнатар ыстықтан Филиппиндіктер де зардап шекті. Су қоймасы құрғап, көне қаланың орны табылды. Тұрғын үйлердің, 19-ғасырға тиесілі шіркеуімен түрлі қорымдардың белгілері көрінді. Енді аймаққа туристер ағыла бастаған. Әзірге, менде бар ақпарат осы. Біз жер-жаһандағы жаңалықтардан тыс қалмаймыз. Сіз де қалыс қалмаңыз! Келесіде жүздескенше! Әлем тыныш болсын!

Читать источник astanatv.kz/kz/
UFC президентінің Шавкат Рахмоновқа көзқарасы белгілі болды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
«Оразада бірге ауыз ашып, көмектесіп жүрген бала»: Спортшы Әли Серіктің өліміне қатысы бар күдікті ретінде досы ұсталды
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды