Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп- гимназияда көшбасшылар алаңы өз жұмысын бастады

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда «Тұлғалар жолын жалғаған ұлы көш: кеше, бүгін, болашақ» атты көшбасшылар алаңы өз жұмысын бастады. Онда оқу ордасын үздік басқару, сапалы білім берудің озық үлгілері, педагогикалық кәсіби даму тақырыптары кеңінен талқыланды. Мектепті 1979 жылдан бері қарай басқарған директорлар еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Үздік тәжірибелердің ортаға салынуы, интеллект, өнер үйірмелері, жаратылыстану сабақтары бойынша арнайы практикалық-зертханалық кабинеттердің ұйымдастырылуы оқушылардың өсуіне, жақсы тәжірибе алуына көмектеседі дейді семинарға қатысушылар. Шара білім ошағының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған. Айгүл САТАНҚЫЗЫ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ: Семинарымыздың мақсаты – мектебіміздің 85 жылдығына орай ұрпақтар сабақтастығынг көрсету. Бүгінгі семинарға аудандық, облыстық мектептердің көшбасшылары келіп отыр. Олар өздері үйренеді, біледі деп үміттенеміз. Әрі қарай өздерінің жұмыстарына осы жобаларды, үлкен ұстаздарымыздан алған насихаттарын, үгіттерін пайдаланады деп ойлаймыз. Қазір мектепте 150 мұғалім еңбек етеді, 2000-нан аса оқушы білім алып жатыр. Балалардың жан-жақты дамуы үшін «Қуыршақ» театры, «Жасанды интеллект » кабинеті, «Грин Һаус» жылыжайы жұмыс істеп тұр. Аида САПАРҒАЛИ, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Биология пәнінен практикалық жұмыстарды осы тігінен жасалған жылыжайда өткіземіз. Және біздің әрбір сабағымыз біріне-бірі ұқсамайды, қызықты болып өтеді. Және біз осы практика арқылы білімімізді нығайтып отырамыз. Сол үшін мектеп басшылығына алғысымызды білдіреміз. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған
Метапневмовирус: сақтық шаралары мен алдын алу жолдары
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Алматыда Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер қашан өтеді?
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қанша?
Елімізде доллар мен еуроның бағамы өзгерді
«39 шарик жұтып қойған». Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Желіде Астананың астындағы жерасты туннелі туралы ақпарат тарады
Білім беру саласында миллиардтаған теңге жымқырылған: 40-тан аса шенеунік сот алдында жауап береді
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды