Алматы облысынды медициналық бетперде киген екі азамат банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған. Жас жігіттер қылмыс жасап жатқан жерінен бейнекамераға түсіп қалды. Кадрда азаматтар апаратты еш кедергісіз кілтпен ашып, бірнеше қап ақшаны мекемеден емін-еркін алып шығып кеткені байқалады. Оқиға Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында болды. Күдіктілер ұсталды. Олар Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Облыстық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады. Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.