Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағындағы қамыс өрті кеше, 2 сәуірде сағат 9:12 шамасында анықталған. «Бүгін, 3 сәуірде төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері сағат 8:30-да қамыс өртенген аумаққа жетті. Жалынды сөндіруге департаменттің 38 қызметкері, 4 техникасы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. Еске сала кетелік, бұған дейін Каспий жағалауында жанған қамыс түтіні Атырауды басып қалғанын хабарлаған едік. photo «Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр. Бұл – Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы аумақ. Бүгін, 2 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 19:00 шамасында қамыс өрті шамамен 85 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 80 гектар аумақтағы өртті сөндірді. Жел екпіні өртті сөндіруге қиындық келтіріп тұр. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», -деп мәлім еткен еді департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. Сондай-ақ, Атырау облысының Ресеймен шекарасындағы Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс өртенгенін жазған болатынбыз. Атырау тұрғындары ауадағы сасық иіске шағымданған еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті