Каспий құбыр консорциумы қайта іске қосылды

Теңіз – Новосібір мұнай құбырында 72 сағаттық жоспарлы іркілістен кейін мұнай айдау қайта жанданды. Бұл туралы  Каспий құбыр консорциумының сайтында жарияланды.«Көрсетілген кезеңде мұнай құбырының әртүрлі жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және теңіз терминалына (механикалық-технологиялық жабдықтар, энергетикалық және электр жабдықтары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйелері, басқару жүйелері) регламенттік техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ консорциумның ағымдағы және күрделі жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол жұмыстарды сорғы станциялар мен мұнай құбырларын тоқтатқанда ғана орындауға болады», - деп жазылған ресми сайтта. Құбырдың Қазақстандағы бөлігінде мұнай айдау тоқтатылған кезеңде «Теңіз» мұнай айдау стансасында өрт пен газ анықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Атырау» мұнай айдау стансасында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға байланысты жұмыстар орындалды. Құбырдың өткізу қабілеті тар тұстарын кеңейту жобасының аясында әрқайсысы 20 мың м3 көлеміндегі екі жаңа резервуар салу жобасы қолға алынып отыр. Бұл резервуарларды 2023 жылы іске қосу жоспарланған. «Құбырдың жұмысындағы жоспарлы іркілістер жылына бірнеше рет жүргізіледі. Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының жұмысын тоқтату туралы мәліметтерді сарапшылар мен қоғамға алдын ала хабарламайды. Бұл қауіпсіздік мақсатымен және құбырды сырттан кесу тәуекелімен байланысты», - делінген консорциумның баспасөз қызметінің мәліметінде. Қазіргі таңда теңіз терминалында мұнай жөнелту штаттық режимде жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды