Атырау облысы Құрманғазы орман шаруашылығында - Каспий теңізі жағалауында 100 гектар аумақты алатын қамысты алқапқа от тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.2 наурызда сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырымда Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс өсіндісі өртеніп жатыр. Елдімекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. Сөндіру жалғасуда.Сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.Оқиға орнында ТЖД, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жеке құрамнан 35 адам, мотоқайықтар, 6 мотопомпа және техника жұмылдырылды.