ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "СОМЭ" сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Каспий теңізінің акваториясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 03:24-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 2213 шақырым жерде Каспий теңізінде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 12.3. Магнитудасы: MPV 5.9. Тереңдігі: 5 км. Сезілгені туралы ақпарат жоқ. 19 тамызда Қазақстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінді.