Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіру үшін тікұшақпен 162 тонна су төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, әкімдік өртті сөндіруге өндірістік кәсіпорындардың техникалары тартылған. «Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге қатысқан жұмысшыларды тамақтандыру ұйымдастырылды. Қамыс өртін сөндіруге тікұшақпен 54 рет су тасылды. Бүгін, 9 шілдеде қамыс өртіне 162 тонна су төгілді. Аэровизуалды барлау кезінде лаулап жанып жатқан өрт ошағы анықталмады. Кейбір аумақта қамыс бықсып жатыр», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 9 шілдеде теңіз жағалауындағы жалын шарпыған аумақ 690 гектарға жеткен.