Атырау облысы полиция департаменті Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықтады.35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқанда ұсталып, қамауға алынды. Іс-құжаттарына сәйкес, аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені алғаны үшін де күдік келтіріліп жатыр. Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын ескертті.