Кәсіпкерден негізсіз төлем сұратқан білім саласының 43 өкілі тәртіптік жазаға тартылды

Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында білім саласының 43 өкілі тәртіптік шараға тартылды. Себебі мектеп басшылары асханадағы ас мәзірін kundelik.kz, mektepmenu.kz сайттарына орналастыру үшін ай сайын 6000 теңге бөлуді сұрап кәсіпкерлерге хат жолдаған.Бұл мәселе өткен жылдың соңында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралған болатын.  «Қамқор-тұтыну» ЖШС директоры Зиагаладин Өтенов Арал ауданындағы мектеп басшыларымен асханада балаларға ыстық тамақ беру қызметін көрсетуге келісімшарт жасайды. Алайда өткен жылдың 15 қыркүйегінде мектеп басшысы ас мәзірін kundelik.kz сайтына орналастыру үшін ай сайын 6000 теңге төлеуді сұрап, кәсіпкерге хат жолдайды. Кәсіпкерге бұндай талапты Арал ауданындағы өзге де мектеп басшылары қояды. Кәсіпкер 6 мектепке 1 айдың қызмет ақысы 42 мың теңгені төлейді. Бірақ одан әрі төлеуге «салмақ» болатынын ескертіп, Кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалына құқығын қорғауды сұрап, жүгінеді.Аудандық филиал директоры Нұрсәуле Ембергенова мектеп басшыларының әрекетіне құқықтық баға беру үшін аудандық прокуратураға хат жолдайды және жағдайды облыстық кәсіпкерлер палатасына баяндайды. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері мәселені жан-жақты зерделеп, Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде қарауға шешім қабылдады.«Кеңес құрамында кәсіпкерлерден өзге құқық қорғау органдарының да өкілдері бар. Кеңес отырысына кәсіпкер онлайн қатысты. Проблемасын айтқан кезде кеңес мүшелері бірауыздан мектеп басшыларының әрекеті заңсыз екенін айтты. Облыстық прокуратура өкілі кәсіпкердің бұл шағымының негізінде аудандағы өзге де мектептердегі жағдайға талдау жасайтынын жеткізді», – дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан. Жақында Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың атына Арал ауданының прокуроры Мадияр Бекпановтан хат келді. Хатта: «Білім беру ұйымдары MektepMenu оқушылардың күнделікті мәзірін жариялауға арналған платформасын пайдалану үшін кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз төлем жасатқаны анықталды. Орын алған заң бұзушылықтар бойынша білім бөліміне ұсыну енгізілді. Қорытындысымен кәсіпкерлердің негізсіз төленген 500 мың теңгеге жуық ақшасы қайтарылып, 8 кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Заң бұзушылыққа жол берген білім саласының 43 өкіліне тәртіптік шара көрілгенін білдіремін», – деп жазылған. Кәсіпкерлер палатасы құқығы бұзылған бизнес өкілдерін Палатаға жүгінуін сұрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды