"Кассалық фильмдер аудиторияға мемлекеттік тілде қолжетімді болуы қажет",-А. Оралов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және бағынысты мекеме басшыларының қатысуымен аппарат кеңесін өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – көрермендердің сұранысына ие кассалық фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждау.Жыл басынан Қазақстанда бірнеше ірі кинопремьера өтті. Олардың кейбірі қазақ тілінде дубляждың болмауына байланысты көрермендеріміздің назарынан тыс қалып қойды. Мен халықтың пікірін үнемі бақылап отырмын. Біз бұл мәселені ешқашан естен шығармауымыз керек. Кассалық фильмдер аудиторияға мемлекеттік тілде қолжетімді болуы қажет. Мысалы, былтыр Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен көрермендердің қызығушылығын тудырған 3 кинопремьера қазақ тіліндегі дубляжбен шықты. "Биыл біз мәдениет саласын дамытудың 7 жылдық тұжырымдамасын әзірлеп, Үкімет қаулысымен бекіттік. Енді жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек деген міндет қойдық. Наурыз айында мемлекеттік тілге дубляж жасау үшін фильмдерді іріктеу ережесін бекіттім. Министрлік алдағы бірнеше жылда жалпы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30%-ға дейін жеткізуге ниетті. Бұл көрсеткіш кассалық шетелдік фильмдерге мемлекеттік тілде дубляж жасау арқылы да артуы тиіс. Тағы бір өзекті мәселе - қазақша дубляжбен шығатын картиналар сеансы әрдайым көрермендерге ыңғайлы уақытта қойыла бермейді. Бұл туралы да маған әлеуметтік желіде жиі жазады. Фильмді мемлекеттік тілде көргісі келетіндер көбінесе түнде киноға баруға мәжбүр. Бұл, әрине, дұрыс емес. Біз кинотеатрлардың жекеменшік кәсіп нысаны екенін түсінеміз. Дегенмен де мемлекеттік тұрғыдан біз дүниежүзі көретін кинопремьералардың қазақ тілінде және ыңғайлы уақытта көрсетілуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан жеке кәсіпкерлермен, кинотеатрлардың иелерімен осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет",-деді министр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
Садриддин Ахмедов АҚШ-та өткен жекпе-жекте нокаутпен жеңді
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды