Қасым-Жомарт Тоқаев апат болған Костенко атындағы шахтаға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті, 23 кенші әлі де жер астында. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сондай-ақ, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды. Шахтадағы өрт фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілді. Бір адам реанимацияда жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысы әкімдігінің, еңбек инспекциясының, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері және т.б. кірді. Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
«Көктайғақ, бұрқасын»: Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстандық таеквондошылар Сауд Арабиясындағы турнирде топ жарды
24 адам үсіп өлген. Қысқы ауа райынан қанша қазақстандық зардап шекті?
16 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді