Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Буяр Османиді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады.Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті. «Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы ұйым жоқ. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмететуін жалғастыруына қамтамасыз ету өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды.«Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық», – деді Президент. Өз кезегінде Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті.«Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – «Барлығы адамдар үшін». Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді», – деді министр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды